Балдәурен
Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжі бірнеше жылдар бойы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығымен әлеуметтік серіктестік қатынаста. Колледж студенттері аталып өткен білім мекемесінде әртүрлі практика түрлерінен өтіп, тәжірибелерін жинақтайды, теориялық білімдерін шыңдап, білім дағдыларын арттырады. 14 маусым күні «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының бас директоры Сержан Тулеметұлы Алибаевпен кездесу өтті. Аталмыш шараға колледждің педагогикалық ұжымы мен студенттер қауымы қатысты. Ынтымақтастық меморандумға екі жақты қол қойылды. Меморандумда көзделген тараптар ынтымақтастығының мақсаты саладағы озық тәжірибені зерделеу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары кәсіби практиканы, оқытуды және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ бейіндер бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттерін жетілдіру болып табылады. Қонақ өз сөзі барысында колледж түлектерінің кәсіби біліктіліктеріне жоғары баға беріп, бұдан әрі де әлеуметтік серіктестіктің жалғасатынына сенім білдірді.
Автор:
