«Ақын –елдің ардағы»

02.03.2020

Ақпанның 21 жұлдызы күні, колледж қабырғасында Ұлы данышпан ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында «Ақын –елдің ардағы» атты кездесу кеші өтті. Поэзия мәңгі өлмес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, махаббат, сүйіспеншілік, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген жұп-жұмыр жауһар дүние. Осы әлемнің тұңғиығында жүрген, қазақтың талантты ақыны, көптеген халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық әдеби конкурстардың жеңімпазы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі - Бауыржан Қарағызұлы мен театр негізін қалаушылардың бірі, режиссер Ербай Дүнгененов кеш қонағы болды. Студенттермен өткен бұл кездесу жылы шырайда, сұрақ-жауап түрінде өтті. Ақын өмірі мен шығармашылығына қызыққан студенттер көкейлеріндегі сан-алуан сұрақтарын ортаға салып, тұшымды жауап алды. Кездесу кешінен жас ұрпақ көп өнеге мен ақыл-кеңестерін арқалап кетті. Студенттердің бойындағы туған жерге деген патриоттық сезімдері арта түсті. Қойылған сұрақтар барысында кеш қонағы студенттік шағын еске алып, колледжіміз жайлы, колледж оқытушылары жайлы естеліктерімен бөлісті. Ербай Дүнгененов ағамыз кешімізге тарту ретінде Мағжан атамыздың «Япурай» әнін жанды дауыста шырқап берді. Қазақ халқы келген қонағына ат мінгізіп, шапан жабатын халық қой, колледж 100 жылдығына орай қонақтарымызға Мағжан атамыздың жыр жинағын кәде сый етіп табыстадық. Шырайлы кешіміздің соңында естелік суретке түсіп, қонақтар мен көрермендер жақсы көңіл-күймен тарқады.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст