Армысың, Әз Наурыз!

19.03.2022

М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж қабырғасында Наурыз мерекесіне арналған «Армысың, Әз Наурыз!» атты үш бөлімнен тұратын мерекелік-думан өтті. Мерекелік думанға колледж ұжымы ұлттық нақыштағы киімдерін киіп ортаны толтырды. Мереке екі жігіттің «Сүйіншілеп» Наурыз келгенін дүйім жұртқа хабарлауымен басталды. Мың бұралған қыздарымыз келіп жеткен көктемді ажарландырып бимен ортаны толтырды. Шаңырақты жеті қыз шырақпен аластап, отты тазалық иесі ретінде қадір тұтатындығының дәлелін көрсетті. Бұрымды қыздарымыз тойға шашуын шашып көпшілікті тәттімен серпілтіп тастады. Бір топ жігіт Наурыз мерекесіне алып келген тілек-шашуын жырмен жеткізіп, қонақтарды мерекеге ертіп апарды. Қонақтарды бір топ қыздарымыз тілектерімен сүйсінтіп, домбыра ансамблі күймен қарсы алды. Колледж директоры - Жанділдин Ерлік Барысұлы - Наурыз мерекесіне шынайы тілегін айтып, қонақтарға сөз берді. «ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты» КММ директоры – Жақанова Гүлжан Шәмілқызы, «М.Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицей» КММ директоры - Касимова Разея Ескендірқызы қатысып, көпшілікті мерекемен құттықтады. Іс шараның үшінші бөлімінде Наурыз көже, бауырсақ, палау таратылып, қазақ халқының ұлттық тағамдарымен таныстырылып, барша қауым ұлттық дастарханнан дәм татты. Мереке-думанға қатысқандар ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен тереңірек танысып, қызықты ойларымен бөлісті. Наурыз мерекесі құтты болсын!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст