«Шекарасыз өнер»

03.10.2023

Әлеуметтік серіктестік – М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің жетекші құндылықтарының бірі. Колледж ұзақ жылдар бойы «АрдосЖүрек» мүгедектер қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастықта. Колледж ұжымы мен студенттері көп жылдар бойы бірлескен іс-шараларға белсенді түрде қатысып келеді. Жыл сайынғы «Шекарасыз өнер» шығармашылық фестивалі де бұдан тыс қалмады. Биылғы жылы да Оқушылар сарайы дарынды және шығармашыл балаларға есігін айқара ашты. Фестиваль аясында шығармашылық жұмыстардың көрмесі ұйымдастырылды, онда қатысушылар өзерінің авторлық туындыларымен барлығын таң қалдырды. Колледж оқытушылары Сыздықова Д.С., Құттымбетова Т.Н., Романюк Н.А. бірнеше бағыт бойынша әртүрлі жас топтарының өнерлеріне қазылық жасады (вокал, көркемдік мәнер, би номері, аспаптық нөмір.) Колледж студенттері «Искорка» еріктілер тобының құрамында іс-шараны ұйымдастыруға белсене қатысып, фестиваль қатысушыларына өз көмектерімен қолдауларын көрсетті. Бұл шара студенттердің жүрегінде жарқын сәттермен әсерлер қалдырды. Сайыс соңында көрермендер, қатысушылар мен ұйымдастырушылар М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжіне алғыстарын ду қол шапалақпен , алғыс хаттармен және ынтымақтастық үшін сертификатпен білдірді.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст