Кәсіптік бағдар беру

Кәсіптік бағдар беру

Болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу мақса�...

Болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында 6.02.2024 жылы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж оқытушылары Алпысбаева А.Е. және Зайдинова Т.А. №8 жалпы орта білім беретін мектеп-эстетикалық тәрбие кешенінің 9-11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында колледжде оқуға болатын мамандықтар туралы толық ақпарат берілді. Студенттер құжаттарды қабылдау ережелерімен, оқу режимімен және колледждің жетістіктерімен танысты. Кездесу барысында жоғары сынып оқушылары ұсынылған мамандықтарға қызығушылық танытып, сұрақтарына жауап алды.

Автор:
Сарсенова  Шолпан  Болатқызы
редактор
Страница создана
06.02.2024
Дата обновления:
22.02.2024