2022 жылдың 1-4 наурызында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенттері Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған орталықта Алғыс айту және Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шара өткізді.
НO-3-21, НO-1-21, УКЯ-1-21 және УРЯ-2-21 топтарының студенттері Орталық тәрбиеленушілерін мерекелерімен құттықтап, өнер көрсетіп, балаларға арналған спорттық ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды. Би билеп, оқушылармен ән шырқап, спорттық ойындар өткізді. Бұл іс-шара бәріне жақсы көңіл-күй сыйлады.Болашақта да «Adon SEVER» ҮЕҰ-мен жұмыс жасау дәстүрі жалғасын табады.