«WORLDSKILS ҚАЗАҚСТАН – 2022» Аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының нәтижелері

12.04.2022

2022 жылдың 12 сәуір айында М. Жұмабаева атындағы жоғары колледжінде «Бастауыш сыныптарды оқыту құзыреттілігі бойынша «WORLDSKILS KAZAKHSTAN – 2022» кәсіби шеберлік байқауының аймақтық чемпионаты өтті. Кәсіби шеберлік конкурсы WORLDSKILLS талаптарына сәйкес өткізілді (конкурсқа қатысушыларды қауіпсіздік техникасы ережелерімен, нормативтік және конкурстық құжаттамамен таныстыру, конкурстық орындарды бөлу бойынша жеребе тастау, конкурстық тапсырманы орындау уақытын есепке алу, тапсырмаларды бағалау критерийлерін бекіту, төрешілік рөлдерді бөлу). «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша қаламыздың мектерінен білікті мамандар шақырылып, қазылық етті. Бас сарапшы - № 17 «Ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені» КММ бастауыш білім беру мұғалімі Малхасян Татьяна Васильевна болды. Сарапшылар: «Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Сатубалдинова Алмагуль Амангельдиновна; «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі Жумагулова Гульгуль Азимовна; «№ 9 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Стаценко Екатерина Андреевна; «№ 7 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Сенькина Елена Михайловна болды. «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзыреттілігі бойынша 6 студент қатысты. Кәсіби шеберлі байқауы 3 конкурстық тапсырманы орындауды көздеді. 1-модуль Бастауыш сыныптарда оқу пәндерінің бірі бойынша сабақ фрагментін көрсету. 2-модуль. Оқу пәндерінің бірі бойынша нақты тақырыпты меңгеруді қамтамасыз ететін деңгейлік оқу тапсырмаларын әзірлеу және көрсету. 3-модуль. Мұғалімнің жеке сайтын құру. Әрбір байқау тапсырмасы WSK критерийлері мен талаптарына сәйкес бағаланды. Солтүстік Қазақстан облысы студенттері арасында WorldSkills Kazakhstan кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары Сүлеймен Жайнагүл І дәрежелі диплом, Калмыкова Вероника II дәрежелі диплом, Исенова Улбосын III дәрежелі дипломымен марапатталды .


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст