2022 жылдың 6 желтоқсанында М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжде Халықаралық еріктілер күніне арналған іс-шара өтті. Біздің колледж базасында "Жақсылық аумағы" атты еріктілер клубы жұмыс істейді. Ұлдар мен қыздар патриоттық, экологиялық, әлеуметтік, ақпараттық-насихаттық, спорттық, шығармашылық бағыттар бойынша қоғамға пайдалы қызметпен айналысады. Бүгінгі мерекеде қоғамның әлеуметтік мәселелеріне бей-жай қарамайтын, колледждің белсенді еріктілерін құттықтадық. Дәл осы адамдардың күш-жігерлері, адамгершіліктері ерекше. Еріктілер өз уақыттары мен күштерін қамқорлықты және назар аударуды қажет ететін адамдарға арнайды, нәтижесінде олардың жылы шырайлары мен алғыс сөздерін алады. Еріктілердің игі істер қоржынында іс-шаралардың көлемді тізімі бар. Қоғамның ерікті көмекшілері-басқалар үшін мәңгілік үлгі! Мейірімді жүректеріңіз, ерен еңбектеріңіз үшін рахмет!