07.02.2024
2024 жылдың 7 ақпан күні Ю.А. Гагарин атындағы № 14 мектебіне кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді Кәсіптік бағдар беру – әрбір оқушының қабілетін ескере отырып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында жүргізілетін жұмыс. Осы мақсатта Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж оқытушысы Кожакиева Г.Б. және Савельева Ю.О. 9 және 11 сынып оқушыларымен кездесті. Кәсіптік бағдар беру барысында арнайы әзірленген бейнеролик көрсетіліп, мамандықтар туралы және қабылдау ережелері, колледждегі оқу тәртібі мен спорт өмірінің қыр-сырлары туралы толық ақпарат берілді. Кездесу барысында жоғары сынып оқушыларының мамандыққа деген үлкен қызығушылығын тудырып, көптеген сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді. Кездесу соңында мектеп оқушыларына жарнамалық-ақпараттық материал таратылды.