«Денсаулығыңызды сақтаңыз!»

26.04.2022

2022 жылдың сәуір айында 20 - 22 аралығында «Инабат» және «Надежда» клубтарының кезекті кездесулер аясында махаббат туралы «Шын жүректен, шынымды айтсам» атты іс-шара өтті.

Қазіргі заманда жас қыздардың денсаулығы бірінші орында, өйткені әйел отбасының жалғасы. Сүюге, махаббатқа деген ұмтылыс адам бойындағы ең жақсы қасиеттерді оятады, жақсы, лайықты, кемелді болуға ұмтылыс береді. Бұл кезеңде махаббат тек сезім ғана емес, сонымен қатар өз денсаулығына жауапкершілік пен қарау керек екенін бәрі түсіне бермейді.

«Инабат» және «Надежда» клуб студенттерінің кездесуі ерекше түрде №1 қалалық емханада өтті.

Бұл кездесулерде жоғары білікті мамандар тарапынан студенттер қойылған көптеген сұрақтарға жауап алды. Кездесуге отбасын жоспарлау бойынша қалалық үйлестіруші дәрігер, акушер-гинеколог Тимофеева Марина Валерьевна қатысып, өз білімдерімен бөлісті, сонымен қатар акушер-гинеколог Ручкина Анна Сергеевна жас қыздарға денсаулықтарын сақтау үшін бірқатар ережелерді айтып өтті. Жастар арасында салауатты өмір салты барған сайын танымал болуда. Репродуктивті денсаулық адам денсаулығының құрамдас бөлігі болып табылады және қоғамның үздіксіз тұрақты дамуы үшін өте маңызды болып келеді.

Біз студенттеріміздің физикалық және рухани жағынан дамығанын, мақсатты және көңілді адамдар болғанын қалаймыз

«Инабат» және «Надежда» клубтарының жетекшілері
Қожакенова С.Р., Тимошенко Н.В.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Колледж сайты - colmagzhan.edu.kz

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Сайт колледжа - colmagzhan.edu.kz

 

 


Текст