Дипломалды практиканың нәтижелері бойынша конференция: қорытындылау

14.04.2022

2022 жылдың 13 сәуірінде М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде «Негізгі орта білім беру» мамандығы, «Орыс тілі мен әдебиеті» біліктілігінде оқитын УРЯ-2-18 тобының 2022 жылдың 15 ақпан мен 27 наурыз аралығында жүргізілген диплом алды практикасының қорытынды конференциясы өтті. Конференцияға Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің әлеуметтік серіктестері – Дмитрий Михайлович Карбышев атындағы № 40 орта мектептің мұғалімдері - И.Д. Созанская және Л.М. Химич , колледждің оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары А.М Жакина, әдіскерлер Л.П. Бежик, Б.Г Жукенова және УРЯ-2-18, УРЯ-2-19, УРЯ- 2-21 тобының студенттері қатысты.

Баяндамашылар соңғы жылы өтіп жатқан өндірістік диплом алдындағы практика болашақ мұғалімдерді мектепте өз бетінше оқу-тәрбие жұмысын жүргізуге кәсіби даярлаудың соңғы кезеңі екенін атап өтті. А.М. Жакина диплом алды тәжірибе болашақ студенттерді орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде сезінуге, мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік қалыптастыруда алар орны зор екеніне тоқталды.

Диплом алдыңғы практикасының мақсаты: студенттердің жалпы кәсіптік пәндер мен оқыту пәндері бойынша теориялық және әдістемелік білімдері мен дағдыларын тереңдету және бекіту; студенттердің кәсіптік-педагогикалық қызметтің негізгі түрлерін жан-жақты және дәйекті меңгеруін қамтамасыз ету.

Конференцияда бітіруші топ студенттерінің таныстырылымдары жұмыс топтарында ұйымдастырылды, олар тәжірибесінің барысын суреттейтін материал дайындады.

Мектеп мұғалімдері өз сөзінде колледж түлектерінің дайындықтары жоғары деңгейде екенін атап өтіп, алдағы ұстаздық еңбектеріне табыс тіледі.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст