21.10.2022
2022 жылғы 21 қазанда М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжде Республика Күнін мерекелеуге арналған жалпы республикалық патриоттық акция аясында "Біздің күшіміз - бірлікте" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Онда колледж студенттері мемлекеттік мерекенің бастауы туралы айтып, тәуелсіз Қазақстанның негізгі тарихи кезеңдеріне тоқталды, ұйымдастырушылар Отанымыздың өткен жылдардағы жетістіктері туралы хабарлады. Студенттер Қазақстандықтардың жас ұрпағы атынан өз еліне, оның өткеніне және ертеңгі күнге деген сенімділігіне мақтаныш білдірді.