2022 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу аясында Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде "Қоршаған ортаның сақталуы экономикалық өсуден маңыздырақ" тақырыбында "Егемендік – елдің бағасы жетпес игілігі" атты пікірталас турнирі өтті. Студенттер табиғи ресурстарды сақтау бойынша маңызды сұрақтарды көтерді, сонымен қатар ең төменгі шығындарды пайдалана отырып, табиғатты қалай сақтауға болатыны туралы мысалдар келтірді, осылайша қоршаған ортаны сақтау экономикалық өсуге зиян тигізбейтінін дәлелдеді. Студенттер өз ойларын ашық білдірді, мәселені сырттан көруге және қажетті шешімді табуға тырысты. Пікірсайыс сыни ойлауды дамытуға, өз пікірін нақты тұжырымдай және дәлелдей білуге, ой-өрісін кеңейтуге ықпал етеді.