2023 жылдың 17 мамырында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде облыстың және қаланың білім бөлімдері, жұмыспен қамту орталықтары өкілдерінің, білім беру саласындағы мемлекеттік кадр саясатын іске асыру бөлімінің, мемлекеттік қызмет агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бас мамандарының шақырылуымен 2022-2023 оқу жылының түлектеріне арналған «Жұмыс орындар жәрмеңкесі-2023» өтті. Ағымдағы оқу жылында колледжде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қолданбалы бакалавры», «Бастауыш білім беру қолданбалы бакалавры», «Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі», «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Шет тілі мұғалімі», «Негізгі орта білім берудің қолданбалы бакалавры (шет тілі мұғалімі)», «Ағылшынша білімі бар математика пәнінің мұғалімі», «Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдарындағы музыка пәнінің мұғалімі», «Ақпараттық жүйелер технигі», «Web-дизайнер» біліктіліктері бойынша оқитын түлектердің саны 333 адамды құрайды. Білікті педагогикалық кадрларды таңдауға аудандық (Аққайың, Мағжан Жұмабаев, Жамбыл, Есіл, Қызылжар, Мамлют, Ғабит Мүсірепов, Шал ақын, Тимирязев, Тайынша аудандары) және қалалық мектептердің әкімшіліктері үлкен қызығушылық танытты. Сондай-ақ бұл шараға СҚО бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері қатысты. Нәтижесінде, колледж бен мекемелердің әлеуметтік ынтымақтастығы аясында «Жұмыс орындар жәрмеңкесі -2023» іс-шарасына 28-ден астам білім беру ұйымдарының өкілдері мен жұмыс берушілері қатысты. Білім беру саласындағы мемлекеттік кадр саясатын іске асыру бөлімінің бас маманы Айтхожина Жаңагүл Армияқызы мектеп бітірушілерге педагогикалық мамандықтардың жаңа талаптарымен байланысты жұмысқа орналасу ерекшеліктерін түсіндірді, түлектерге МББ тапсыру ережелерімен таныстырды. Жаңадан келген мұғалімдерге еңбекақы төлеу шарттарымен және қала мен облыстың білім беру ұйымдарындағы бос орындармен таныстырды. Дәл осындай жұмысты Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Магуянов Болат Амантайұлы жүргізді. Түлектерді мемлекеттік бағдарламалармен таныстырып, тұрақты жұмысқа орналасу ережелеріне тоқталды. Іс-шара барысында студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді. Одан әрі ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бас маманы Ақанов Абылайхан Шыңғысұлы өз бастамасын көрсетті. Жастарды мемлекеттік қызметке тарту туралы баяндама жасады. Маманның баяндамасына қызығушылық танытқан кейбір студенттер одан толыққанды жауаптар алды. Білім алушылар білім бөлімдерінің, жұмыспен қамту орталықтарының өкілдерімен, мектеп директорларымен әңгімелесіп, алдағы жұмысы туралы сұрап, түйіндемелерін қалдырып, кеңестер, түсініктемелер алып, байланыс мекен-жайлары, ұялы телефондарымен алмасты. Әлеуетті жұмыс берушілермен кездесу өзінің болашақ мамандығы бойынша білікті қабілеттерін одан әрі арттыруға ұмтылатын түлектер үшін жемісті нәтиже көрсетті.