Ашық есік күні

24.04.2023

2023 жылдың 20 сәуір күні Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде қалалық және аудандық мектептердің 9-11 сынып оқушыларына «Ашық есік күні» өткізілді. Бұл іс-шараға 120 дан астам оқушылар қатысты. Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларын әртүрлі бағыттағы бәсекеге қабылетті мамандар даярлайтын, тарихы бай, өзіндік дәстүрлері қалыптасқан оқу орнымен таныстыру, түлектерге кәсіби бағдар беріп, болашақ мамандықтарын анықтауға көмектесу. Ашық есік күнінің бағдарламасына сәйкес, түлектерге колледжде экскурсия ұсынылып, колледждің материалдық базасымен, заманауи құралдармен жабдықталған аудиториялармен таныстырылды, мамандақтар көрмесін қызықтады. Қорытындысында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде оқудың басымдылықтарын көрсету мақсатында мектеп оқушыларына мерекелік концерт ұсынылды. Концертте оқытушылардың және әртүрлі мамандықтарда оқитын студенттердің қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық шығармашылықтары және жетістіктерімен таныстырылды және үгіт бригадасының қойылымымен мамандықтарға шолу жасалынды.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст