14 наурызды «Көрісу (яғни қауышу) күні» деп те атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Үлкендер «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады.
Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.
Амал күні қазағым көріседі,
Көрісу, бұл көненің желісі еді,
Жасың құтты болсын деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал бол деліседі.
Көріседі көңілдер жібісін деп,
Көріседі тасысын ырысың деп
Көріседі көк мұзда жібісін деп
Көріседі оң болсын ырысың деп.