12.10.2022
2022 жылғы 11 қазанда "Мен мықты болсам – Қазақстан мықты" психологиялық денсаулық онкүндігі аясында Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледжде білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және психологиялық ағарту мақсатында Петропавл қ. ПД есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл бөлімінің жедел уәкілі З.С. Поповамен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында нашақорлықтың жастардың денсаулығына кері әсері түсіндірілді, нашақорлықтың адам денсаулығына әсері жайында, есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қылмыстық жауаптылық туралы айтылды. Студенттерге Facebook және Instagram платформаларында тұрақты есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған pn_dp_sli ресми аккаунты туралы хабарланды. Ұлдар мен қыздардың назарына "Тұздар мен дәмдеуіштер. Ешқайда бармайтын жол" деректі фильмі көрсетілді.