01.09.2022
2022 жылдың 1 қыркүйегінде Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж педагогтары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тыңдап, Мемлекет басшысы белгілеген басты басым мақсаттар мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы кезеңге арналған міндеттерін қолдады.
ҚР Президенті өз сөзінде Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасын жақсарту қажеттігіне назар аударды. Нақты міндеттер қойып, оларды шешудің өзекті жолдарын ұсынды.
Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж директоры Е.Б.Жанділдин жолдауды колледж оқытушыларымен талқылау барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жолдауын іске асыру үшін колледж қызметінің барлық салаларында күш-жігер жұмсалатынын атап өтті.