Халықаралық Азаматтық Қорғаныс Ұйымының Бас Ассамблеясының Қарарына сәйкес жыл сайын 1 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аталып өтеді, биылғы жылы «Біздің басты мақсатымыз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» деген ұранмен өтеді.
Жыл сайын Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға студенттердің назарын аудару мақсатында колледж студенттерімен Азаматтық қорғаныс күніне арналған әңгіме өткізілді.
Бірінші курс студенттерімен "ТЖ кезіндегі жеке қорғану құралдары" тақырыбында сабақ өткізілді, оның мақсаты студенттерді жеке қорғану құралдарын пайдалануға үйрету. Сондай-ақ өртке қарсы қауіпсіздік тақырыбына профилактикалық әңгімелер жүргізілді, "ТЖ кезіндегі іс-әрекет" атты оқу фильмдері көрсетілді. Студенттер алғашқы өрт сөндіру құралдарын (ұнтақты өрт сөндіргіш), газқағарларды қорғаудың жеке құралдарын және жалпы әскери қорғаныс жинағын дұрыс пайдалануға үйретілді. Сынған, қан кеткен, талған, үсіген, электр тогымен соққан кезде зардап шегушіге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша сабақтар өткізілді.
Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Нурпеисов О. К. жатақхана қызметкерлерімен мына тақырыптарда сабақ өткізді.:
- Жатақхана қызметкерлерінің өрт кезіндегі іс-әрекеттері;
- Қызметкерлердің террористік қауіп-қатер кезіндегі іс-әрекеттері;
- Жатақханада қауіпсіздік техникасын сақтау.
Жатақхана қызметкерлері қызығушылық танытып, сұрақтар қойды. Барлық сұрақтар бойынша оларға әр түрлі төтенше жағдайлар кезінде көмектесетін жауаптар алды.
Біз бұл іс-шаралар төтенше жағдайда барлық қатысушыларға көмектеседі деп үміттенеміз.
Нурпеисов О.К.,
алғашқы әскери дайындық оқытушысы