«Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық картасы»

30.04.2021

2021 жылдың 28 сәуірінде М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық картасы» әлеуметтік жарнама сайысын өткізді.

Байқаудың мақсаты: студент жастарды сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында әлеуметтік жарнаманы әзірлеуге және пайдалануға тарту; студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы ортаны қалыптастыру болып табылады.

Сайысқа 1-4 курс студенттері қатысты. Байқау келесі номинацияларда өткізілді: “Үздік бейнеролик”, “Үздік плакат”.

Қазылар алқасының мүшелері:

  • Шарипов Ж.Б., құқықтық пәндер оқытушысы;
  • Малгаждарова К.К., құқықтық пәндер оқытушысы;
  • Мухамадиева А.Д., педагогикалық пәндер оқытушысы;
  • Тасмагамбетова А.М., шет тілі және әдебиеті пәндері оқытушысы;
  • Шарипова Г.К., химия пәні оқытушысы.

Шығармашылық тапсырмамен жұмыс шеңберінде студенттерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға байланысты қоғамдық өмірдің жағымсыз құбылыстарына қатысты нақты азаматтық ұстаным қалыптасуы тиіс. Жұмыс барысында студенттер ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен толығырақ танысты, өздерінің құқықтық санасы мен мәдениетінің деңгейін көтерді, өздерінің шығармашылық қабілеттерін, компьютермен және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамытты.

Байқау қорытындысы бойынша келесі студенттер марапатталды:

- “Үздік плакат” номинациясы бойынша 1 дәрежелі диплом- УИЯБ-2-20 тобының студенттері Кормина Д., Смородников Н.;

- “Үздік бейнеролик” номинациясы бойынша 1 дәрежелі диплом- УИЯБ-2-20 тобының студенттері Ширеева Н., Кривоногова М., Кучеренко А., Бустан К., Никитин Е.;

– 2 дәрежелі диплом- НО-2-20 тобының студенттері Ренева А., Райле о., Чикарева Ю., Яковенко У.;

– 3 дәрежелі диплом- НО-2-20 тобының студенті Галымова Асель.

Барлық қалған қатысушылар қатысу сертификаттарымен марапатталды. Барлық қатысушыларды алғашқы жеңістерімен құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!

ДИПЛОМДАР

ДИПЛОМДАР

Мухамадиева А. Д., Тасмагамбетова А. М.,

«Саналы ұрпақ» клубының жетекшілері


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст