«Алтын ұя - ақ ордам!»

20.02.2020

Ұлттық қадір-қасиет ата-бабалардан қалған дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға дейін жетіп отыр. Халқымыздың рухани бейнесін тарих, әдебиет, өнер, ғылым, мінез-құлық, ұлттық сезім, әдет-ғұрыптар бейнелейді. Өткен тарихымызды ұмытпай, бүгінгі тарихпен байланыстыра білсек, біздің ұтарымыз көп.

Биыл ұлыс - айбынды Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толып отыр. Осыған орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алтын Орданың 750 жылдығын лайықты атап өту және ұлыстың негізін қалаған Жошы хан есімін ұлықтау туралы сөздерін зор ықыласпен қабылдадық.

Петропавл қаласының Абылайхан мұражайлық кешенінде Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенттерінің қатысуымен Алтын Орданың 750 жылдығына орай «Алтын ұя - ақ ордам» атты тарихи-мұражай викторинасы өткізілді.

Іс-шараға колледжіміздің «Бастауыш білім беру» мамандығының 1 және 2 курс студенттері белсенді қатысты. Студенттер екі командаға бөлініп, викторинамыздың 5 баспалдағынан сүрінбей өтіп марапатталды.

Өткізілген іс-шарадан студенттер Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы мемлекеттердің бірі екенін түсінді. Алтын Орданың құрылу тарихын, қоғамдық құрылысын, жүргізілген ішкі-сыртқы саясатын және әлсіреуі туралы қосымша мәліметтерді біле алады. Сонымен қатар, туған жерiне, ұлтына адал ниетi, мемлекетiнiң күш-қуатын, өмiршеңдiгiн, тұтастығын қорғайтын рухани тiрегі екенін бойына сіңіре алды.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст