"Бос орындар жәрмеңкесі-2021"

13.05.2021

2021 жылдың 12 мамырында М.Жұмабаев атындағы Жоғары колледжінде облыстың және қаланың білім бөлімдерінің, жұмыспен қамту орталықтарының өкілдерін шақырумен 2020-2021 оқу жылының түлектеріне арналған «Бос орындар жәрмеңкесі-2021» өтті.

Колледждің бітіруші топтарының студенттерін сапалы жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша конструктивті диалогқа СҚО мемлекеттік қызмет департаменті, облыстың білім бөлімдерінің кадр жұмысы бойынша мамандары, Жұмыспен қамту орталықтары, мектеп директорлары, облыстың және қаланың мектепке дейінгі мекемелерінің меңгерушілері мен әдіскерлері қатысты.

Білім бөлімдерінің өкілдері түлектермен мамандықтар бойынша оқу орындарына жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпаратпен бөлісті. Ауданның мектептері мен балабақшалары білікті педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігін бастан кешіруде, сондықтан ол ауданның тумаларын, яғни түлектерді өздері жақында тәрбиеленіп, оқыған мектептерде, балабақшаларда кәсіби жолын бастауға шақырды.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст