"Бос орындар жәрмеңкесі" түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудің бір түрі ретінде.

27.05.2019

2019 жылы 15 мамырда М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде білім бөлімдерінің, облыстың және қаланың жұмыспен қамту орталықтарының өкілдерін шақырумен 2018-2019 оқу жылының түлектеріне арналған "Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі-2019" өтті.

Колледж бітіруші топ студенттерін сапалы жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша конструктивті диалогқа облыс және қала білім бөлімдерінің кадр жұмысы жөніндегі мамандары, аудандар мен қаланың жұмыспен қамту орталықтары, "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Р. С. Әлібеков қатысты.

Білікті кадрларды таңдауда Қызылжар, Мамлют, Есіл, Шал ақын, Аққайың аудандарының әкімшіліктері үлкен қызығушылық танытты.

Колледж және мекемелердің әлеуметтік ынтымақтастығы аясында "Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне-2019" білім беру ұйымдарының 57 өкілі қатысты.

"Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі" қонақтарын колледж директоры Е. Б. Жандильдин қарсы алды, өз сөзінде Ерлік Борисұлы іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, болашақ жас мамандарды ауылдық жерлерде еңбек жолын бастауға шақырды.

Білім беру мекемелерінің басшылары өз сөздерінде колледждің педагогикалық ұжымына мамандар даярлығының жоғары деңгейі үшін алғысын білдіріп, түлектерді бос жұмыс орындарына шақырды.

Шал ақын аудандық білім бөлімінің маманы Мадина Мейрамқызы Сәрсембекова ауданның мектептері мен балабақшаларындағы бос орындар туралы, ауылдық жерлерде жас мамандар үшін жасалатын жағдайлар мен қолданыстағы бағдарламалар туралы айтып берді.

М. Жұмабаев ауданының білім беру бөлімінің өкілі түлектердің оқу орындарына мамандықтар бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпараттарымен бөлісті. Ауданның мектептері мен балабақшалары білікті педагог кадрлардың жетіспеушілігін бастан кешуде, сондықтан ол мектеп бітірушілерді, ауданнан шыққандарды, өздерінің кәсіби жолын жақында өздері тәрбиеленушілер болған мектептер мен балабақшаларда бастауға шақырды.

Қызылжар ауданының Подгорная, Водопроводная, Долматов мектептерінің басшылары осы білім беру ұйымдарымен таныстырды. Олар бастауыш мектеп, шет тілі, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін бос жұмыс орындары туралы, тұру жағдайлары туралы, "Дипломмен ауылға" бағдарламасы туралы айтты.

Мамлют ауданы білім бөлімінің өкілі Динара Рафаилқызы Арбашина біздің колледж түлектері жұмысқа орналасуда қиындықтарға тап болмайтынын айтты. Жас мамандар үшін табысты жұмыс істеу және кәсіби қалыптасу үшін барлық жағдай жасалған.

Аққайың ауданының білім беру бөлімінің өкілі өз сөзінде туған өлкесінің сұлулығымен ғана емес, жақсы әлеуметтік жағдайлармен де, мектептің мықты педагогикалық кадрларымен де, аудан оқушыларының жоғары нәтижелерін де мақтан етті. Осының бәрі колледжді аяқтағанда облыстың осы ауданында - "ақ қайың өлкесі" жұмыс орнын таңдауға себеп болуы мүмкін. Аудан мектептерінде, балабақшаларында, ұйымдарында бастауыш мектеп мұғалімі, шет тілі мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, техник, әлеуметтік қызметкер мамандықтары бойынша бос орындар бар.

"Алтын бесік" балабақшасының меңгерушісі М. Т. Дарбаева жас өрендерді, ыстық жүрек пен Отанға қызмет етуге деген ықыласы кішкентай тәрбиеленушілерге өмірде өз бейімділігін табуға көмектесетін түлектерді жұмысқа шақырды.

"Бітіруші-2019" бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде колледж түлектері мен жұмыс берушілердің әңгімесі спорт залында тығыз түрде жалғасты. Балалар білім беру бөлімдерінің, жұмыспен қамту орталықтарының өкілдеріне, мектеп директорларына, балабақшалардың меңгерушілері мен әдіскерлеріне жақындап, өздерінің болашақ жұмыс орындары туралы, республиканың және жақын шетелдердің жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқыту арқылы жалғастыру мүмкіндіктері туралы, қажетті ақпаратты егжей-тегжейлі нақтылап, өз түйіндемелерін қалдырды, кеңестер, түсініктемелер алды, байланыс мекенжайларымен, ұялы телефон нөмірлерімен алмасты.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст