Колледж студенттерінің педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесуі

26.12.2019

2019 жылдың 19 желтоқсанында М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж қабырғасында "Болашақ маманды тәрбиелеудегі педагогтың рөлі" тақырыбында Педагогикалық еңбек ардагерлерімен студенттер арасында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде Солтүстік Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің белді мүшелері, қоғам қайраткерлері, педучилищенің түлектері сөз сөйлеп, студенттердің көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауаптарын айтып, ақыл-кеңестерін берді. Іс-шара сұрақ-жауап түрінде өтті. Кездесу барысында студенттер өз сұрақтарына, кеңестеріне және ұсынымдарына мазмұнды жауаптар алды. Қоғам қайраткері, педучилищенің түлегі Ахметова Адия Ысқаққызы қазіргі жастарға сыпайылық сияқты асыл қасиеттерден алыстап кетпеуге кеңес білдіріп, ақылын айтты. Құттыбай қажы Амангелдіұлы "Батаменен ел көрегер" атты сайыстың біздің өңірде де өткізілуі жоспарда бар екендігін атап өтті. «Балхадиша» ансамбілінің жетекшісі Ибраева Машуда Нурғалиқызы музыкалық білім адамның өмірінде қаншалықты маңызды орын алатындығын жиналған қауымға түсіндіріп, өнерге жақын болуға шақырды. Болашақ ұрпақ ата-салтымызды ұмытпауы үшін біраз кітаптар әкеліп таныстырылым өткізді. Волонтерлік мәселелері бойынша баяндама тыңдалды. Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті, барлық қатысушылар мен қонақтар пайдалы ақпарат пен өзекті мәселердің талқылануынан жағымды эмоциялармен қайтты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст