Мағжан – жастар жүрегінде!

26.06.2019

М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде маусымның 25-і күні ағартушы педагог, Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың есімін өскелең ұрпаққа дәріптету, ұлыларды ұлықтау арқылы шығармашылық танымдарын арттыру мақсатында еске алу жиыны өтті. Колледж директоры Е.Б.Жанділдин студент жастарға Мағжандай бабасының рухын қадірлеп, шығармаларын оқып, егеменді елімізге тірек болатын өнегелі жастар болу керектігін айтып өтті. Жиында Мағжан жырлары оқылып, ескерткіш-мүсініне гүл шоқтары қойылып, тағзым етілді.

Өмір шындығын поэзия шындығына айналдырып, таланты мен көрегендігін тоғыстыра білген Мағжан Жұмабаев есімі колледж қабырғасында білім алып жатқан әр жастың жүрегінде.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст