«Қазіргі Қазақстан. Елбасы көшбасшылығының сабағы»

03.12.2019

29 қараша 2019 жылы М. Жұмабаев атындағы Жоғары колледжінде жалпы республикалық ашық сабақ аясында «Қазіргі Қазақстан. Елбасы көшбасшылығының сабақтары» атты бірыңғай сабағы өткізілді.

Бірыңғай сабақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеуге орайластырылып, білім алушылардың назарын Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбектеріне аударуға бағытталған болатын.

Сабақтың мақсаты – Қазақстан Республикасының-тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы Ұлт Көшбасшысының рөлі, Қазақстандық патриотизмді, белсенді азаматтық ұстанымды, сондай-ақ өзін-өзі жүзеге асыру дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу.

Көшбасшылық сабағына қатысушылар ретінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н. В. Рысева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Т. Солтанова, колледж оқытушылары мен студенттері (ИС-2-18, ВТР-1-19, УИЯ-1-18 топтары) шақырылды.)

Іс-шара барысында еліміздің Тұңғыш Президенті туралы бейнефильм көрсетілді, «Студенттерде көшбасшылық қасиеттерді, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру», «Егер Мен Президент болсам ...», «ҚР Тұңғыш Президенті» мәнерлеп оқу сайысы, сондай – ақ уақыт капсуласын дайындау-өз-өзіне арналған Болашаққа Жолдау. Сабақ соңында барлық қатысушылар "Атамекен"патриоттық әнін орындады.

Іс-шара студенттердің Қазақстан Республикасының шынайы азаматының қасиеттерін дамыту үшін қажетті адамгершілік нормалары мен ережелерін, жүріс-тұрыс үлгілерін меңгеруіне ықпал етті. Болашақ азаматтарда Қазақстан нарықтық шаруашылық жүргізудің және тұрақты өсудің берік дәстүрлерімен әлемдік экономиканың мықты және қажетті буыны болады деген қағида қалыптасуға тиіс. Қозғалыс жолын дұрыс таңдаудан және қабылданған стратегиялық бағытты тұрақты ұстаудан көп жағдайда мемлекеттің дамуының табысы тәуелді, ал стратегияны іске асыру үшін халықтың таңдалған бағытты саналы қабылдауы қажет.

Новикова Е.В.,
қоғамдық-саяси пәндердің оқытушысы


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст