Заманауи педагог заман келбеті.

30.11.2021
Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде 2021 жылдың 29 қарашасында «Бастауыш білім беру» бірлестігінің апталығы аясында, «Педагогикалық мамандықтарды даярлау жағдайында критериалды бағалау мүмкіндіктері» тақырыбында педагогика және арнайы пәндер оқытушылары Құттымбетова Торғын Науанқызы және Лялькова Анастасия Павловна колледж оқытушыларымен семинар өткізді.
Бүгінгі білім беру саласында бағалауды жаңғырту, білім беру аясында кез келген жүйелі өзгерістерге мүмкіндік беру үшін қажет. Жаһандық масштабтағы өзгерістер, білім алушыларды келешекте еңбек нарығында олардың жетістіктері үшін қажетті дағдылармен қамтамасыз етуін талап етеді. Сол талаптарға жету мақсатында білім беру саласындағы оқу тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс- тәсілдерді енгізуді негіз етіп семинарда түлектердің функционалды сауаттылығын қандай позициялар, қандай критерийлер бойынша, қалай бағалау керектігі жайлы ой тасталып, теориялық мәліметтер беріліп, практикамен ұштастырылып, қатысушылармен бірлесе күтілген нәтижеге қол жеткізілді.

Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст