Романқызы Аида

25.12.2020

БАҚЫТ ТАҢЫ БОЛАШАҚПЕН ....!

XXI ғасыр - болашақтың ғасыры!
Адамзатқа өзгені өзі арқылы танытатын ғасыр есігі айқара ашылды. Алдына мақсат-міндеттер қойып, оған жетуге талпынған жастардың заманы. Кешегі Мағжан бабамыздың жастарға деген сенімі менің жүрегімде жатталып, бойымдағы күш-жігерімді тасытып келеді! Кеудемдегі жұдырықтай жүрегім «Отан», «Қазақстан», «Мәңгілік Ел», «Мағжан», «Ата-ана», «Жастар», «Болашақ» деп соғады.
Осыдан он тоғыз жыл бұрын, екі мың бірінші жылдың он тоғызыншы қыргүйегінде Батышевтар отбасында іңгәләп дүние есігін аштым. «Алланың бізге берген сыйы болсын!» - деп, ардақты ата-анам азан шақырып есімімді Аида атап, желге қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірді. Ақ әжемнің «Сары балапаны» атандым, ақ батасын беріп тұрып: «Біздің қызымыз ғалым болады!» деген сенімін арқалап, алғаш рет алысқа білім алуды мақсат етіп сапарға шықтым.
Өзім оңтүстіктен шықпаған, аяздың суығына тоңбаған, он жеті жасар бала көңілді бойжеткен едім. Туған жер, ата-ана, бауырларымды қол бұлғап, артқа тастап бара жатып көзімнен домалап, бетіме түсіп, сырғып кетіп бара жатқан жасты қайда жасырарымды білмей, пойызға мініп кеткенше асықтым. Осы кезде қимастық сезімнің не екенін жүрегіммен сезіндім. Бұл сезімді алдыма қойған мақсатым жеңіп үлгерді.
Мемлекетіміздің «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасымен 2019-2020 оқу жылында Қызылорда облысынан бір мың бес жүз жиырма километр қашықтықта жатқан Солтүстік өңірге, Қызылжар қаласының қақ ортасынан орын алған, Алашы үшін білегіндегі күшімен, жүрегіндегі жырымен күресе білген ұлы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжге «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша оқуға қабылдандым. Бұл оқу орны балалық шақтағы арманымның орындалуына үлкен жол ашты.
Оқу орнының алдында орналасқан Мағжан бабамның мүсіні, колледж ішіндегі кіреберіс төрдегі ақынның портреті өскелең ұрпаққа «Мен сенемін жастарға, Алаш атын аспанға..!» деп өзі жырлап тұрғандай сезіндіріп, бойыма күш-қуат берді. Бұл «Ұстаз» деген ұлы сөздің құдіретін асқақататып, білім алуға деген арманымды ұштады. Өзіме деген сенімімді көрсетті, өзімді тануға жол ашты, жаупкершілігімді күшейтіп «Мен әлеміне» бойлатты.
Мен - әлемдегі бақытты жанмын! Өйткені әлемдегі барша адамзатқа білім нұрын шашатын болашақ - ұстазбын! Оқушы кезімдегі балалық арманым ғажайып әлемге айналып келеді. Өмір өзенінде арманның қайығына мініп, болашаққа, яғни жаһандану үдерісіндегі әлемге жүзіп барамын.
Мен – маңдайындағы бағы зор студентпін! Өйткені білімді, шебер, іскер, жаңашыл басшы басқарған киелі де қастерлі шаңырақта білім алып отырмын. Оқу орнымыздың басшысы Ерлік Барысұлы Жанділдин - менің жан-жақты дамуыма жағдай жасап, әр күніме алаңдай қараған заманауи, құзіретті маман мен қоғамның сұранысына сай білімді де білікті студенттердің болашағы үшін күресуші, тәуелсіз елімнің жанашыры.
Колледж оқытушылары - республикамыздың білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың табыстары мен жетістіктері үшін өздерінің кәсіби шеберлігін, патриоттық пен имандылығын болашақ мамандарға арнаған асыл жандар. Бүгінде олар білімге ұмтылған қаншама жастың маман ретінде қалыптасуына ықпал етіп, болашақтарына үлкен жол ашты, қадамдарын нұрлы етті. Колледждегі күнделікті сабақтар, тәрбиелік іс-шаралар, қалалық, облыстық байқаулар менің жан-жақты дамуыма көп септігін тигізіп келеді.
Мен - ақпараттық технологияларды еркін меңгеруші студент болып қалыптасып келемін! Оқытушылардан алған білімімді санама құя біліп, тәрбиені бойыма сіңіріп келемін. Елдегі төтенше жағдайға байланысты ұйымдастырылған қашықтықтан оқу менің білім алудағы ізденісіме ешбір кедергісін тигізген жоқ. ZOOM платформасы арқылы жүргізіліп жатқан онлайн сабақтар, колледждің оқу үрдісіне енгізілген «Sova.ws» басқару жүйесінде жүктелген оқыту материалдарын мүмкіндігімше меңгеріп, тапсырмаларды орындап, оқытушылармен жеке байланысқа да шыға аламын. Бұл ақпараттық ізденіс қабілетімді арттырып, логикалық ойлауымның қалыптасуына өз септігін тигізіп, қиын сәттен шығар жолды табуға көмектесті.
Мен талантты және дарынды студенттер қатарындамын! Бойымдағы қарым-қабілет, өнерімнің арқасында талай қалалық, облыстық, республикалық жүлделі орындарды бағындырдып та келем.
«Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» деп ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай, мақсатыма жету жолында үзбей ізденіп келемін. Бұл әркетімді Егеменді елімнің азаматы ретінде өнерлі де өрісі кең тұлға болып қалыптасу, қоғамды өнерге жұмылдыру, өзгеге үлгі болу деп білемін. Өйткені мен тәуелсіз еліміздің көк байрағының биікте мәңгі желбіреуін қалаймын.
Мен Отаныма қарап болашағымды болжаймын. Алдыма үлкен мақсаттар қоямын. Сондай мақсаттарымның бірі мемлекеттік тілге деген қоғамның құрметін асқақтату, яғни өз тіліне жанашырлықпен қарайтын тұлғаны тәрбиелеу, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді өз ана тіліндей қабылдауын, тіпті сырттан келген өзге ұлт-өкілдерінің де қазақстандықтармен қазақ тілінде пікірлесуін армандаймын. Армандап қана қоймаймын, жүзеге асыру үшін бар күшімді саламын.
«Топ – 100» жобасына қатысу арқылы өз мақсатыма жеткім келеді. Алдыма шегелеп тұрып қойған мақсатымның негізгісі – «Қазақстанға келген шет елдіктерге аз уақыттың ішінде мемлекеттік тілді меңгерту» жобасын жасау.
Бұл менің Қазақстан Республикасының қарқындап дамуына, Мәңгілік Ел болып жасауына қосар бір азаматтық үлесім деп білемін.
Мен байтақ өлкемді жақсы көремін! Сабырлы да жомарт халқымды бақыттың базарында көргім келеді! «Қазақстандықпын» деп мемлекетімізде өмір сүріп жатқан жүз отыздан астам өзге ұлт өкілдерінің достықта өмір сүруін қалаймын! Мен болашағымның жарқын болатындығына зор үмітпен қараймын! Таңымыз нұрлы болып атып, күніміз шуақты, түніміз тыныш болсын! Бақыт таңы болашақпен жарқын болсын!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст