«Студент жастардың отбасылық құндылықтарын құрдастары арасында насихаттау» атты ата-аналар жиналысы

03.12.2019

2018 жылдың 30 қарашасында орыс тілінде оқыту бөлімінде «Студент жастардың отбасылық құндылықтарын құрдастары арасында насихаттау» тақырыбында жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті.

Қазіргі шын мәнінде студенттердің құндылықтар, соның ішінде отбасы құндылықтары туралы түсініктері жиі өзгереді. Отбасы мемлекеттің негізі, халықтың рухани тарихын, дәстүрлерін сақтау мен қолдаудың басты және жетекші шарты болып табылады. Құндылықтар туралы айтатын болсақ, адамға қамқорлық, махаббат пен құрметпен қарайтын отбасылық құндылықтарды қозғамауға болмайды. Отбасы құндылықтарын қалыптастыру-маңызды қажеттілік.

Ата-аналар жиналысының күн тәртібі:

1. Студенттердің үлгерімі мен бейімделуі бойынша педагогикалық ұжымның қызметін талдау.

2. Колледж әкімшілігімен сұхбат алаңы. Сұрақтар мен жауаптар.

Бірінші сұрақ бойынша орыс тілінде оқыту бөлімінің меңгерушісі Т. В. Калмыкова сөз сөйледі, ол ата-аналарды қандай мамандықтар бойынша мамандарды даярлау жүргізіліп жатқаны, бейімделу кезеңінде 1 курс студенттерін психоло-педагогикалық сүйемелдеу қалай жүзеге асырылғаны туралы хабардар етті, Білім кесіндісінің нәтижелерін хабарлады, студенттерді бейімдеу бойынша педагогикалық ұжымның қызметіне жалпы талдау жасады, бірінші курс студенттерін қысқа мерзім ішінде өткізген тәрбиелік іс-шараларға шолу жасады.

Ата-аналар жиналысының екінші кезеңінде колледж әкімшілігімен сұхбат алаңы өтті. Ата-аналар оқу үдерісін ұйымдастыруға, студенттердің жатақханада тұруына, тамақтануды ұйымдастыруға қатысты сұрақтар қойды.

Ата-аналар жиналыстары кабинеттерде жалғасты, онда сынып жетекшілері студенттердің үлгерімі мен сабаққа қатысуы, 30 қарашадағы аралық аттестаттау қорытындыларымен егжей-тегжейлі таныстырды.

Калмыкова Т.В., орыс тілінде оқыту бөлімінің меңгерушісі


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст