Рәміздерім - мақтанышым!

06.06.2019

4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты Егеменді Қазақстанбыз.

Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінде мемлекеттік рәміздер күніне байланысты НО-1-18 тобында «Рәміздерім - мақтанышым!» атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы студенттерді ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі, — деген екен.

Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктерін мақтанышпен айтып оз ойларын жеткізе білді. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына өз сенімдерін білдірді.

Қыран құсым көк аспанда самғасын Желбіресін көк байрағым сан ғасыр Жас ұландар, берік ұста туыңды Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз. Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен – күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Біз өзіміздің Көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздік пен ерліктің үлгісі дала қыраны шарықтай берсін демекпіз. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст