Шеберлік сыныбы «Күнделікті экспресс шаш жинау үлгілері»

08.04.2019

«Гүл өссе - жердің көркі Қыз өссе - елдің көркі» - дегендей ежелден ата - бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі!

Қыз сұлу көрінеді қылығымен, Жарыса төгілген қос бұрымымен. Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы, Қыз сұлу көрінеді білімімен.

М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінде «Инабат»және «Надежда» қыздар клубының жұмысы аясында 2019 жылдың 04 сәуірі күні «Күнделікті экспресс шаш жинау үлгілері» атты шеберлік сыныбы өтті.

Кездесуге қатысушылар заманауи шаш жинау үлгілерімен танысып, шаш күтімі жайлы білімдерін толықтырды. Қыздарға тән әдемі бұрым жасау, шашты күнделікті жинау түрлерін қарастырды.

Табысты өткен кездесуден қыздар көптеген ақпарат пен тәжірибе жинақтады. Клуб отырысының келесі кездесуінде кездескенше! Әдемі болыңыздар!

Кушербаева Ж.А.,

руководитель клуба «Инабат»


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст