« Ғаламдағы экологиялық мәселелерді жою!»

07.11.2019

Бүгінгі қоғам алдында, адамзат алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі – экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану.Сондықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады.

Арнайы экологиялық білім мен тәрбие беру ғаламдағы тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын түсіндіріп қана қоймай, табиғатты қорғауға шақырады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайларды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Экологиялық білім мен мәдениетті қалыптастыру бала кезден басталады, ал кеңейтуге ұмтылу тән. Экологиялық ағарту, сондықтан білім берудің негізігі баспалдағы- мектепте оны қолға алу керек. Айта кетсек, экологиялық проблемалардың көптеген факторларын алдын алуына тиімді жолдардың бірі: энергияны күн сәулесінен алу, көшелердегі фауналарды көбейту, ал ең бастысы оқушылар мен жасөспірімдерге экологиялық тәрбие беру болып табылады.

03.10.2019ж. өткізілген сынып сағатына НО-1-17 және ВТР-1-19 топтарының студенттері белсене қатысты.Өз ойларын еркін,әрі нақты жеткізе алды.Бүгінгі күннен бастап бәрін өзгертуді өзімізден бастаймыз және экологияны тазартуға өз үлесімізді қосамыз!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст