WorldSkills Kazakhstan 2019 Ұлттық чемпионатының нәтижелері бойынша М. Жұмабаев атындағы Жоғары колледжің ақпараты

19.11.2019

2019 жылы 11-15 қараша аралығында Нұрсұлтан қаласында «WorldSkillsKazakhstan 2019» - V Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілді. Колледж директоры Е. Б. Жанділдин бастаған педагогикалық ұжымының студенттерді дайындау бойынша үйлесімді жұмысы «WorldSkillsKazakhstan 2019» республикалық чемпионатында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. М. Жұмабаев атындағы Жоғары колледж студенттері мына құзіреттіліктер бойынша жүлдеге ие болды: Аубакирова Рузанна (1 орын) – «Мектепке дейінгі тәрбие», Бакина Мадина (3 орын) – «Бастауыш сыныптарда сабақ беру»

«Бастауыш сыныптарда сабақ беру» құзыреттілігі бойынша жарыс 5 модуль бойынша өткізілді: «Бастауыш сыныптарда сабақ фрагментін дайындау және өткізу (жаңа білімнің ашылу кезеңі)», «Патриоттық, экологиялық, адамгершілік бағыттағы сыныптан тыс іс-шаралардың тұсаукесерін әзірлеу», «Ситуациялық педагогикалық міндетті шешу», «5 минут ішінде үйретемін».

«Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігіне Қазақстан Республикасының әр облысынан 12 адам қатысты. Байқау тапсырмасы үш тәуелсіз модульден тұратын 3 нұсқадан тұрды: «Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу», «Organization of events aimed at improving the healts and physical development of children of preschool age», «Ата-аналармен өзара іс-әрекет» және «Көркемдік-эстетикалық даму».

Тапсырманы орындау барысында білімнің келесі салалары тексерілді: жалпы және балалар психологиясы, мектепке дейінгі педагогика, мектепке дейінгі жастағы балалардың дене дамуы, мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу дамуы, қызмет түрлерін біріктіру, педагогтардың ата-аналармен өзара іс-әрекеті, тәрбие-білім беру үрдісі барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сауатты қолдана білу, ағылшын тілін білу.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст