«Ғаламшарға көмектесейік!» экологиялық сағаты»

08.10.2019

Бүгінгі таңда адамның табиғатпен өзара әрекетінің мәселесі өзекті болып отыр. Жас ұрпақты табиғи ресурстарды сақтау және ұқыпты қарау мәселелеріне тарту мақсатында 2 қазан күні топ жетекшілері А. Д. Мухамадиева, Ю. О. Насырова НО-2-18, УМ-2-18 топтарының студенттерімен бірлескен кураторлық экологиялық сағатын өткізді.

Экологиялық сағат (бұдан әрі Экоссағат) – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының, экологиялық ұйымдар қауымдастығының бірлескен бастамасы.

Аталған іс - шара Дүниежүзілік мекендейтін жерлерді қорғау күніне-1979 жылдың 6 қазанынан бастап атап өтілетін халықаралық мерекеге орайластырылып, адамзаттың назарын Жер ғаламшары фаунасының тіршілік ету ортасын сақтау мәселесіне аударуға бағытталған.

Сынып сағаты жер адамзатқа көмек сұрауы туралы шағын қойылымнан басталды:

- Адамдар, мен сендердің күштеріңе, ақыл-ойларыңа және ізгі жүректеріңе сенемін. Сендерде әлі мені және өздеріңді құтқару үшін біраз уақыт бар. Мен өзімді құртатын адамдарды асраған жоқпын деп үміттенемін!

Балалар келесі сұрақтарға жауап берді:

- Жер планетасына қандай қауіп төніп тұр?

- Ғаламшардың мәселелерін шешу үшін алдымызға қандай міндеттер қоямыз?

- Біздің елімізде, қалада табиғатты қорғау бойынша қандай шаралар жүргізіліп жатыр?

Бұдан кейін оқушылар 3 шағын топқа бөлінді: ботаниктер, зоологтар, географтар. Әр топқа тапсырмалар берілді:

- ботаниктер біздің планетамыздағы өсімдіктерге қандай қауіп төніп тұрғанын айтты;

- зоологтар "біздің кіші ағайындарымыз" – жануарлардың жай-күйі туралы айтты;

- географтар "жердің қанына", яғни топыраққа, суға және ауаға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты. Балалар кезекпен экологиялық қауіптілік белгілерін атап өтті: ормандарды кесу, жануарлардың өлімі, су мен ауаның ластануы, қоқыстың жиналуы, топырақтың улануы және т.б.

Содан кейін студенттер станцияларға саяхат жасады. "Орман поштасы" станциясында топтарға педагогикалық жағдайлармен тапсырмалар салынған конверттер ұсынылды. "Орман дәріханасы" станциясында көбірек дәрілік өсімдіктерді жазу керек болды. "Табиғаттың кішкентай құпиялары" станциясы қызықты викторинаны қамтыды. "Музыкалық калейдоскоп" станциясы балалардың қызығушылығын тудырды, олар:

- зоологтар-жануарлар туралы ән ("далаға түнде атпен шығамын»);

- ботаниктер-гүлдер, өсімдіктер туралы ("Ақ раушан);

- географтар-ауа райы, су, ауа туралы ("Әрқашан күн сөнбесін") әндерін айтып, өте көңілді өтті

Іс-шара НО-2-18, УМ-2-18 топтарының «Бәрі өзімізге тәуелді» атты Елканың әнін топпен орындаумен аяқталды.

Табиғат әлемі таңқаларлық және тамаша, алайда оның сұлулығын барлығы бірдей көре алмайды, "көру" және "қарау", "есту" және "тыңдау" қабілеттері өздігінен дамымайды, туғаннан дайын түрде берілмейді, ол тәрбиеленеді.

Осындай тәрбиелік іс-шаралар маңызды мәселелерді көтеруге, шешу жолдарын ойлауға, жер бетіндегі ең қымбат табиғатқа қатысты жасампаз әрі ізгілікті болуға көмектеседі.

А. Д. Мухамадиева, Ю. О. Насырова,
колледж оқытушылары

#ЭкоЧас #ЭкоЧасНачниСейчас


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст