«Жастар – болашақ жеңістердің негізі»педагогикалық жасақтардың Республикалық Слеті

09.04.2019

«Жастардың барлық санатын қолдауға арналған
шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының
ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі
жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын»

Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі Республикада жастар рөліне үлкен назар аударуда – 2019 жыл Жастар жылы жарияланды.

Ақмола облысы Щучье қаласының «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 3-6 сәуір аралығында студенттік педагогикалық жасақтардың шығармашылық бастамаларын жандандыру және қолдауға бағытталған педагогикалық жасақтардың Республикалық слеті өткізілді. Слеттің мақсаты – орталық базасында балалар демалысын ұйымдастыру және сауықтыру кеңістігінде слетке қатысушылардың кәсіби шеберліктерін арттыру, үнемі өзін-өзі дамыту, жетілдіру қажеттіліктерін қалыптастыру негізінде тәжірибе алмасу алаңдарын құру болып табылады. Іс-шараның басты міндеттері – жастарды ұйымдастырудың тиімді түрі ретінде Қазақстан Республикасы студенттік педагогикалық жасақтар қозғалысын насихаттау, педагогикалық жасақтар арасында кәсіби және мәдени байланыстарын дамыту және нығайту, жазғы демалыс кеңістігінде инновациялық бағдарламаларды іске асыру, ең үздік педагогикалық жасақтар мен қатысушыларды анықтау және қолдау, қазіргі заманғы ұйымдастырушы – ұстаздың жағымды имиджін қалыптастыру. Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің студенттері де осы Слётеке қатысты. Студенттеріміз өздерінің ынтымақтасытары мен дарындылықтарын көрсетті. Ән мен би орындады, көрме ұйымдастырды, отрядтың заманауи әдістерді қолдану туралы презентация ұсынды. Квест-ойынында жоғары білімдерін көрсетті. Слет бағдарламасына (қосымша білім беру педагогтарының тәжірибе алмасу бойынша шеберлік-сыныптар) оқыту курсы, «Бурабай» МҰТП-на саяхат, спорттық жарыстар, гитарамен ән айту, ұйымдастырушы-ұстаздар мен қатысушылар концерті ұйымдастырылды. Жігерліктер берілген барлық тапсырмалардан сүрінбей өтіп, жеңіске жетті. Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген 10 команданың ішінен Солтүстіктің намысын қорғаған «Жігер» педагогикалық отряды – 1 орынға, Көкшетау қаласының «Айшуақ» педагогикалық отряды – 2 орынға, Павлодар облысының «Әлем - Star» педагогикалық отряды – 3 орынға ие болды.

Біздің командамыз І дәрежелі дипломмен және де жеңімпаз кубогімен марапатталды. Қатысушыларды колледж директоры, оқытушылары және студенттері қарсалды.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст