Түлектер аллеясы ұрпақтар сабақтастығы мен туған колледжге деген сүйіспеншіліктің шынайы көрінісі ретінде!

06.06.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында қоғамды рухани жаңғырту міндеттерін жүзеге асыру бағыттарының бірі- туған өлкені абаттандыру және көгалдандыру, жаңа мәдени нысандарды құру бойынша "Туған жер" патриоттық бағдарламасы болып табылады.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру аясында М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің студенттері 2018 жылы Бітірушілерді еске алу аллеясын ашу идеясын ұсынды. Ландшафттық дизайн бойынша мамандар шақырылды, олар учаскенің ерекшеліктерін зерттеді, алдын ала өлшеулер жүргізді, раушан, герань, арша, шабындық беде, барқыт, петунь отырғызу орындарын көрсетті; суару және көшеттерді күту бойынша толық ұсыныстар берді.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде, ескі колледжішілік учаске орнында енді әдемі аллея ашылды. "Біз, 2018 жылдың түлектері, жаңа студенттік дәстүрдің бастауына негіз болғанымызға қуаныштымыз. Болашақ колледж түлектеріне біздің бастамамызды жалғастыруды ұсынамыз. Түлектер аллеясы жыл сайын көркейе берсін!"- өткен жылы шығарылған студенттер өз жолдастарына осындай ұсыныс жасады.

Студенттік қоғам бұл бастаманы белсенді қолдады. Тырмамен және күрекпен қаруланып, бітіруші курс студенттері кураторлармен бірлесіп, жерді қазып, арамшөп жұлып, жапырақтар мен бұтақтардан тазартып, петуния отырғызды. 1 курс студенттері де шет қалмай аға жолдастарына көмектесті. Жұмыла істеген жұмыстың нәтижесінде аумақ тез көркейіп, гүлденді.

Түлектер аллеясының ашылуы-бұл ұрпақтар сабақтастығының шынайы көрінісі, тарихи жадыны және жақсы дәстүрлерді сақтауға қамқорлық жасау, отансүйгіштік, туған колледжге және қалаға деген махаббат; бұл біздің колледждің тарихы мен дәстүрін ғасырлар бойы қалыптастырған барлық адамдарға құрмет көрсету болып табылады.

Біздің колледж түлектері мен студенттеріне бастамашылдығы, қоғамдық-өндірістік тапсырмаларға адал және жауапкершілікпен қарағаны және тату, үйлесімді жұмысы үшін алғысымызды білдіреміз!

Мухамадиева А.Д.,
Колледж оқытушысы


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст