Әдістемелік семинардың есебі

03.10.2019

«Өзін-өзі тану» заманауи білім беру заңы негізінде оқыту мен тәрбие жүйесінің жұмыс жасауы» атты әдістемелік семинардың есебі

2019 ж. қыркүйектің 24-і М.Жұмабаев атындағы Жоғары колледжде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасына негізделген тәрбие мен оқыту жүйесінің қызметі» атты облыстық әдістемелік семинар ұйымдастырылып, өткізілді.

Семинарға Солтүстік Қазақстан облысымыздың 80-нен астам, мектеп директорлары, «Өзін-өзі тану» мектеп пен колледж оқытушылары, балабақша әдіскерлері қатысты.

Семинарды Петропавл қаласының білім бөлімінің, әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының өкілдері ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты - білім беру ұйымдарындағы тәрбие мен оқыту жүйесінің мазмұнын рухани-адамгершілік негізін нығайтуға, сонымен қатар мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.

«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы, Адамның үйлесімді даму институтының жетекшісі - Әлиев Б.Ш. «Өзін-өзі тану» бағдарламасын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық шарттары туралы» тақырыбында сөз сөйледі.

«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы,, Адамның үйлесімді дамуы институты директорының орынбасары - Л.С. Джубатова «Жалпы адамзаттық құндылықтардың жаратылыстану-математикалық және әлеуметтік-гуманитарлық циклдің оқу пәндерінің мазмұнына интеграциялануы» туралы баяндады.

Петропавл қазақ мектеп-гимназиясының «өзін-өзі тану» пән мұғалімі - А.Ж.Алишева, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының оқушылардың адамгершілік және рухани қалыптасуындағы мұғалімнің рөліне тоқталды.

Облыс мұғалімдері үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде «Өзін-өзі тану» сабағын жоспарлау мен өткізудің әдіснамалық ерекшеліктері», «Әлеуметтік бағытталған жобалық іс-әрекетті мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырудың қажетті шарты ретінде пайдалану» тақырыптары бойынша мастер-класс өткізілді.

Семинар соңында барлық мұғалімдер қатысушы сертификаттар мен алғыс хаттармен марапатталды.

Омарова М.Т.,
«Өзін-өзі тану» пән оқытушысы


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст