Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат

10.02.2021

2021 жылдың 10 ақпанында "Адал ұрпақ" клубының белсенділері 1 курс студенттерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпаратпен бөлісті.

Ақпарат жүргізудің басты мақсаты-студенттердің құқықтық мәдениет деңгейін арттыру; студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін қалыптастыру; жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.

Әрбір студент пен оқытушы сыбайлас жемқорлық көріністері немесе мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсету фактілері туралы хабарлай алатын бірыңғай call-centerдің 1424 бар екенін білуі тиіс.

М.Жұмабаевтың атындағы жоғары колледжде студенттердің шағымдары мен ұсыныстарын қараудың ресми рәсімдері бар. Колледж фойесінде кез келген білім алушы өзінің өтінішін немесе шағымын жаза алатын сенім жәшігі орнатылған. Бұл жәшіктің материалдарын психологиялық-педагогикалық қызмет, директордың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары үнемі қарайды, бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылданады.

Колледжде сенім телефоны жұмыс істейді, колледждің психологы мен әлеуметтік педагогы барлық мәселелерді қарайды, психологиялық көмек көрсетеді. Студенттердің алдында семестрлік баға, жазғы сессия қойылады, білім алушылар бөлім меңгерушілеріне, колледж директорының орынбасарларына сыбайлас жемқорлық фактілерінің пайда болуы туралы хабарласа алады.

Есіңізде болсын, егер әрбір азамат қай мемлекеттен, қызмет саласына қарамастан (мемлекеттік қызметші, мұғалім, дәрігер, құрылысшы және т. б.) бізге ұрпақтан –ұрпаққа беріліп келе жатқан - адалдық, парасаттылық, сатылмаушылық қағидаттарын ұстанатын болса, өз елінің патриоты болып, өз Отанының гүлденуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын болса, сонда ғана біз шынымен де таза қоғамға-сыбайлас жемқорлықсыз қоғамға келе аламыз!!!

Барлығы тек өзімізге байланысты!

Тасмагамбетова А. М.

«Адал ұрпақ» клубының жетекші


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст