Колледжде WorldSkills Kazakhstan 2019 басталды

11.03.2019

WorldSkills International-халықаралық қауымдастық, оның мақсаты жұмысшы кәсіптерді танымал ету, бүкіл әлем бойынша кәсіби даярлық пен біліктілік мәртебесін және стандарттарын арттыру болып табылады. Жыл сайын колледж студенттері WorldSkills қозғалысына белсенді қатысады және осы жылы да қатысты.

5 наурызда жаратылыстану-математикалық және ақпараттық пәндері онкүндігі аясында "Графикалық дизайн" және "Веб-дизайн" құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kazakhstan 2019 кәсіби шеберлік чемпионатының колледжішілік кезеңі өтті. Байқауға ақпараттық мамандықтар бойынша ВТ-2-16, ВТ-3-16, ВТР-1-18, ИСР-2-18, және УИ-2-14 топтарының студенттері қатысты.

Салтанатты ашылуында колледж директоры Е. Б. Жандильдин құттықтау сөз сөйледі. Ол колледж үшін де, жалпы ел үшін де әр студенттің қатысуының үлкен мәні барын айтты.

Шақырылған қонақ - WorldSkills Kazakhstan 2015 І Кәсіби шеберлік Ұлттық чемпионатының қатысушысы, "ІТ-жүйелерді басқару" құзыреті бойынша жүлдегер Қазбаев Руслан болды. Руслан студенттерді WorldSkills қозғалысының белсенді қатысушылары болуға шақырды және барлығына жеңіс тіледі.

Студенттер сайттарды, логотиптерді, заттаңбаларды әзірлеу бойынша конкурстық тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындады.

Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау көктемгі Наурыз мерекесін тойлауға арналған салтанатты жиналыста өтеді.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст