« Инабат» және «Надежда»клубтарының шығармашылық есебі

29.05.2019

22.05.2019 жылы М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде «Инабат» және «Надежда» клубтарының шығармашылық есебі өтті.

Мақсаты: «Инабат» және «Надежда» клубтарының жұмыс қорытындысын шығару; келесі жылға перспективтік жұмыс жоспарын анықтау; «Әрқашан бол» жадынамасын қорғау.

« Инабат» және «Надежда»клубтарының шығармашылық есебі.

Адамгершілік тақырыбы әрдайым лайық, әсіресе қыздарға келсек. Қыздарда бәрі сәйкес болу керек. «Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше, - деп жазды В.А. Сухомлинский. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді. Адамгершілік – адамның асыл қасиет.

Бірыңғай үлгідегі шаш өру 14.01.2019 оқу жылынан бастап негізгі ереже енгізілді.

Шаштардың үнемі өріліп жүруі колледждің қазақ бөлімінің студент қыздарына бірыңғай талап болып табылады.

« Инабат мүшелері» екінші жартыжылдығынан бастап негізгі ережеге сәйкес « Шаш өрімі» және «Киім формасы» бойынша рейтинг жасап, қорытындысын шығарды.

1.Клуб мүшелері атқарылған жұмысы туралы есебін ортаға салды.

2.Клубтардың қызметі бойынша сауалнама нәтижелері берілді.

3 Әр топ «Әрқашан бол» жадынамаларын қорғады.

4.Жүлделі орынға ие болған әр топ мақтау қағазымен және тәттілермен марапаталды.

5. Жадынамалар да 1-3 орынға бөлінді. Студенттерге жадынамалардың қорғауы бойынша сыйлақтар берілді.

6. « Ең үздік жүргізуші», «Ең үздік жоба», «Ең үздік ұйымдастырушы», «Ең белсенді қатысушы», «Үздік тапқыр » атауына иеленген студенттер алғыс хаттармен марапатталды.

«Инабат» және «Надежда» шығармашылық клубтар өз жұмысын келесі оқу жылында жүргізеді. Біз сіздерден жаңа ұсыныстар қабылдаймыз және біздің клубымызда көруге қуанышты боламыз!деп шығармашылық есеп өз мәресіне жетті.

Кушербаева Ж.А.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст