Осындай салтанатты және қызықты…

24.06.2019

М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледж қабырғасынан 21 маусым күні 2018-2019 оқу жылының алғашқы түлектері түлеп ұшып, жас мамандар қатарын көбейтіп, жауапкершілігі үлкен өмірге қадам басты. Колледж қабырғасынан «Бастауыш білім беру», «Негізгі орта білім беру» «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша 98 студент, соның ішінде 28-і үздік дипломға аяқтады.

Түлектерді алтын ұясы әнұранмен басталған салтанатты жиынмен қарсы алып, колледж директоры әр студенттке өз қолымен дипломдарын табыс етіп, білім алу кезінде үздік оқыған және қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан жастарға Алғыс хаттар табысталып, ақ жол тіледі.

Колледж түлектері білім алған қасиетті шаңырақтарына, білім нәрімен сусындатқан оқытушыларына, 4 жыл анасындай болып қол ұшын аянбаған топ жетекшілеріне алғыстарын айтып, студенттердің қоштасу әндерін шырқады.

Ата-аналар да сахна төріне көтеріліп колледж директорына және оқытушылар ұжымына алғыстарын білдіріп, балаларына ақ баталарын берді.

Сәт сапар, жас түлек!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст