«Сағындырған әндер –ай»

08.10.2019

2019 ж. 03.10 М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде ұстаздар күніне арналған «Сағындырған әндер –ай» атты мерекелік концерт өтті.

Мақсаты: Ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтау. Осы мерекені ұймдастыру барысында студенттердің бойына білім беріп жатқан оқытушыларды құрметтеуге, оларға алғыстарын білдіре білуге баулу, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ұстаз – ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ұстаз! Ұстаздық – ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті батыр да, бай да, патша да атқара алмас. Ұстаздық ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді.

Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж директоры Ерлік Барысұлы, М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж жанындағы мектеп-лицей директоры Рәзия Ескендірқызы ақ лебіз, жылы тілегін білдірді.

Қазақ өнерінің інжу-маржаны, сырлы саз бұл өмірдің базары ажары дер болсақ, ұстаздарға арналған кеш сан қилы сезім тылсымдарына жетелейтін ғажайып әлем, сағындырған әндер-ай стилінде өтті.

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст