Махаббатқа толы жүрек

14.02.2019

2019 жылының 12-і ақпанында Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің оқытушылары мен студенттері Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күнін атап өтті.

Осыған орай «Жігер» педагогикалық отряды колледжіміздің оқытушылары мен студенттеріне арнап флеш-моб ұйымдастырды. Флеш-мобқа келгендерінің барлығы белсенділіктерін көрсетіп, жағымды эмоцияларға бөленді.

Сонымен қатар, Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаева 78 жасқа толуына байланысты колледжімізде «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты – студенттердің шығармашылық әлеуетін анықтау және студенттеріміздің рухани өсуін кеңейту.

Мәнерлеп оқу байқауында 1-2 курсының 23 студенті қатысты.

Қазылар алқасы жас ақындардың шығармаларына жоғары баға беріп, жеңімпаздары 1,2,3 орындарымен марапатталды. Байқаудың қорытындысы бойынша:

1 орын – ДВ-3-18 топ студенті Сексенбай Ұлдай

2 орын – Бруй Н., Сураганова Н.,Кусаинова Ұ. студенттері

3 орын - Евсюков А., Төлеухан Б., Жалтурова М., Щербаков В. студенттері марапатқа ие болды.

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндікті тәмәмдадық. Сара Алпысова Назарбаеваның туған күніне арнап, Еліміздің бірінші ханымының қызметі жайлы бейнефильмдер ұсынылды. Апталық қорытындысы бойынша белсенді қатысқан студенттер Алғыс хаттармен марапатталды.

Омарова М.Т., Мухамадиева А. - «Өзін-өзі тану» пән оқытушылары


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст