«KazRobotics» республикалық робототехникалық қозғалысы

16.04.2019

2019 жылы 16 сәуірде Оқушылар сарайының негізінде "SMART BALAPAN-2019" мектепке дейінгі балалар үшін "KazRobotics" республикалық робототехникалық қозғалысының облыстық кезеңі өткізілді. М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің УИ-2-16 тобының студенттері қозғалысқа қатысты. Колледж студенттері: Салкеев Руслан, Кулаков Евгений, Сарсенбаев Мэлс, Абрамкин Игорь, Обухов Диас, Худяков Роман ұйымдастырушы-волонтерлер міндеттерін орындады. Олардың міндетіне: жарысқа қатысушылар және қонақтарға көмек көрсету, жұмыс орнын ұйымдастыру, командаларға төрешілік ету, жарыс алаңын бейне және фотоға түсіру.

"Бізді балалардың сауатты сөйлеуі, олардың жарыс алаңында бағдарлана білуі, командалардың өнер көрсеткені таң қалдырды. Іс-шараның жалпы ұйымдастырылуы жоғары деңгейде болды. Біз алдағы уақытта бізге пайдалы болатын Республикалық маңызы бар іс-шараларды өткізудің үлкен тәжірибесіне ие болдық!"- деп ұйымдастырушы-еріктілер өз әсерлерімен бөлісті.

Студенттерге "SMART BALAPAN-2019" мектепке дейінгі балаларға арналған "KazRobotics" республикалық робототехникалық қозғалысының облыстық кезеңіне қатысушыларының сертификаттары табыс етілді.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст