WorldSkills Kazakhstan 2019 Кәсіптік шеберліктің аймақтық Чемпионаты өтті!

09.04.2019

2019 жылдың 5 сәуірінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжінің базасында WorldSkills Kazakhstan 2019 аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты салтанатты түрде ашылды. СҚО Басқарма басшысының орынбасары В. Ткаченко құттықтау сөз сөйлеп, Чемпионатты бастады.

Жарыс облыстың төрт колледжі алаңында өтті: Солтүстік Қазақстан кәсіби педагогикалық колледжі, Петропавл гуманитарлық колледжі, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі, И. Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі. М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжі чемпионатқа қатысушыларды үш құзыреттілік бойынша қабылдады: "Желілік және жүйелік әкімшілендіру", "Графикалық дизайн", "Веб-дизайн".

Колледж оқытушылары мен студенттері WorldSkills Kazakhstan 2019 аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатына белсенді қатысты. "Веб-дизайн" құзіреттілігінде И. Плесстер және Т. Аскаров қатысты, алаң сарапшысы О.А. Рахимгалиева болды.

"Графикалық дизайн" құзыретін Д. Сало, С. Федоренко, К. Селяева ұсынды, алаң сарапшысы – А.А. Вишнигина.

Чемпионата нәтижесі:

«Веб-дизайн» құзіреттілігі

2 орын – И. Плессер

3 орын – Т. Аскаров

«Графикалық дизайн» құзіреттілігі

3 орын – К. Селяева

Жүлдегерлерді құттықтаймыз!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст