Кәсіби шеберлік байқауының аймақтық чемпионаты «WORLDSKILS KAZAKHSTAN – 2023»

06.04.2023

2023 жылдың 6 сәуір күні М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенттері арасында "Бастауыш сыныптарда оқыту" құзыреттілігі бойынша "WORLDSKILS KAZAKHSTAN – 2023" кәсіби шеберлік байқауының өңірлік чемпионаты өтті. Кәсіби шеберлік конкурсы WorldSkills талаптарына сәйкес өткізілді, ол конкурсқа қатысушыларды қауіпсіздік техникасы қағидаларымен, нормативтік және конкурстық құжаттамаларымен таныстыруды, конкурстық орындарды бөлу бойынша жеребе өткізуді, конкурстық тапсырманы орындауға уақытты есепке алуды, тапсырмаларды бағалау критерийлерін бекітуді, судьялық рөлдерді бөлуді көздейді. "Бастауыш сыныптарда оқыту" құзыреттілігі бойынша сарапшылардың жұмысына: Бас сарапшы: № 17 ұлттық жаңғыру орта мектеп-кешенінің бастауыш сынып мұғалімі Малхасян Татьяна Васильевна. Сарапшылар: Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатубалдинова Алмагуль Амангельдиновна, №7 орта мектебінің директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Тужик Юлия Андреевна, А. Байтұрсынов атындағы № 9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Стаценко Екатерина Андреевна. "Бастауыш сыныптарда оқыту" құзыреттілігі бойынша 6 қатысушы қатысты. Кәсіби шеберлік байқауы 2 конкурстық тапсырманы орындауды көздеді: 1 модуль "Бастауыш сыныптарда беріліетін пәндер бойынша сабақ фрагментін өткізу", 2 модуль "Патриоттық, экологиялық, адамгершілік бағыттағы сыныптан тыс іс-шараларды әзірлеу және өткізу". Әрбір конкурстық тапсырма WSK критерийлері мен талаптарына сәйкес бағаланды.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст