Жаратылыстану-математика және ақпараттық пәндер ЦӘК пән декадасы

11.03.2019

Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжде 2019 жылдың 18-28 ақпаны аралығында жаратылыстану-математика және ақпараттық пәндер ЦӘК декадасы өтті. Онкүндік аясында химия және информатика пәні бойынша CLIL әдісін қолдану арқылы ашық сабақтар өткізілді. 1 курс студенттері арасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы негізінде "Ұлы дала жастары" олимпиадасы басталды. Физика, математика және информатика пәндері бойынша сыныптан тыс іс-шаралар өтті, оған УКЯ-1-18, УИЯ-1-18, УХТ-1-18 және НО-1-18 топтарының студенттері қатысты. Білікті қазылар алқасы теориялық білім мен алған білімдерін стандартты емес жағдайда қолдана білуді бағалай отырып, жеңімпаздарды дипломдармен марапаттап, мықтыларды анықтады.

Колледждің педагогикалық ұжымы үшін оқытушылар Е. В. Голованова, А. А. Вишнигина, А. К. Павилан және А. Е. Жанбекова интерактивті тақтаны, интернет-ресурстарды және оқу үрдісінде критериалды бағалау бойынша әдістемелік семинарлар өткізді.

Онкүндік әлеуметтік серіктес, "AMCO SYSTEMS" ЖШС директоры А. М. Сәрсенбаевтың және республикалық чемпионаттың жеңімпазы Р. Қазбаевтың қатысуымен "Графикалық дизайн", "Веб-дизайн" құзыреттілігі бойынша WorldSkills кәсіби шеберлік чемпионатының колледжішілік кезеңін өткізумен аяқталды.

Чемпионатқа ВТ-2-16, ВТ-3-16, ВТР-1-18, ИСР-2-18 және УИ-2-16 топтарының студенттері қатысты. Қатысушыларға сертификаттар табыс етілді,жеңімпаздар Наурыз мерекесі қарсаңында марапатталады.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст