Әке отбасының – отағасы

02.02.2024

2024 жылдың 31 қаңтарында Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде «Азбука семейного воспитания» үйірмесінің жетекшісі Б.Г. Жүкенова «Әке отбасының – отағасы» тақырыбында іс-шара өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – студенттерді жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету, өз елінің салт-дәстүріне танымдық қызығушылығын дамыту, рухани-адамгершілік құндылықтарға, ата-анаға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу. Іс-шарада студенттер «Әкелер күні» тарихымен танысты, отбасындағы әкенің рөлі, әке болудың әлеуметтік мәні туралы әңгімеледі. Топтық және жеке жұмыстарда студенттер тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап берді, тренингтерге қатысты, әлеуметтік роликтерді талқылады, әке туралы қанатты сөздердің мағынасын ашып, өз ойларымен бөлісті. Студенттер қоғамдағы отбасы құндылығының маңызын түсініп, іс - шара соңында тақырыпқа сай ән шырқап, бір-біріне жақсы тілектер айтты.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст