Есеп

03.10.2019

Облыс мұғалімдерге арналған әдістемелік семинар аясында 2019 жылдың 25 қыркүйегінде М. Жұмабаев атындағы Жоғары колледжінің «Өзін-өзі тану» пән оқытушыларына Адамның үйлесімді даму институтының жетекшісі - Әлиев Б.Ш. пен директорының орынбасары - Л.С. Джубатова сабақтырына қатысты.

Бірінші ашық сабақты қоғамдық-саяси пәндерінің оқытушысы - Новикова Е.В. НО-2-17 тобында «Әлеуметтік зерттеулер және өзін-өзі тану оқыту әдістемесімен» пәнінен интеграцияланған ашық сабақ жүргізді. Тақырыбы - «Өз Отанының патриоты» .

Сабақтың мақсаты: «Сүйіспеншілік» құндылығы арқылы студенттердің патриоттық сезімдерін кеңейту. Сабақ сыртқы және ішкі интеграцияны қамтыды. Сыртқы интеграцияны жүргізу кезінде жағымды қатынас, әр түрлі тапсырмаларды қолдана отырып білімді тексеру. Сабақта ізгі ниет пен жағымды атмосфера орнықты. Ішкі интеграция жаңа материалды жалпыадамзаттық құндылықтар контексінде оқуға негізделді, топтық жұмыс және өзара оқыту әдістері де қолданылды. Рефлексия және соңғы тыныштық сәті, берілген материалды қорытындылауға көмектесті. Осындай аз уақыт ішінде шындық, махаббат, әділ мінез-құлық, ішкі тыныштық және зорлық-зомбылық болмау туралы руханияттың жоғары көрінісі туралы терең және маңызды ойлар айтылды.

Екінші ашық сабақты «өзін-өзі тану» пәнін оқыту әдістемесінен – Омарова М.Т. өткізді. Тақырыбы - «Өзін-өзі тану» сабағында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру»

Сабақтың мақсаты - білім алушыларда өзін-өзі тану мен басқа пәндер интеграциясының теориялық және тәжірибелік білімдерін қалыптастыру.

Оқытушы сабағында интеграция анықтамасын, түрлерін, жолдарын толықтай ашып, түрлі әдіс-тәсілдерімен қонақтарын қызықтырды. Сыныпта өте жағымды психологиялық ахуал болғаны, сабақ өте мәнді екенін қонақтарымыз атап көрсетті.

Келесі ашық сабақ «Өзін-өзі тану» пәнінен болды. Бұл сабақты «Өзін-өзі тану» пән оқытушысы – Магамбетова А.Е. «Позитивті ойлау» тақырыбы бойынша жүргізді.

Сабақтың мақсаты - студенттер арасында «Ішкі тыныштық» құндылығын түсіну арқылы жағымды ойлауды қалыптастыру болды. Сабақта оқытушы Луиза Хейдің айтқан сөздерін қолданып, «Құпия» бейнежазбасын көрсетті. «Бөбек» білім және ғылым ғылыми-білім беру орталығының өкілдері мұғалімдер сабақ тақырыбы толығымен ашылғанын, материал қызықты және танымды түрінде ұсынылғанын айтты.

Соңғы болып колледжіміздің «Инабат» және «Надежда» клубының «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» атты пікірталас ұйымдастырылып, өткізілді.

Мақсаты: қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу.

Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттер туралы айту мақсатында өткізілді. Пікірталасқа «Инабат» және «Надежда» клубының мүшелері қатысты.

Пікірталас барысында қатысушылар «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп өз ой пікірлерімен бөлісті. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға көптеген керемет суреттемелер берген. Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз –елдің көркі, гүл жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» т.б.

Бүгінгі тілге тиек болған әңгіме жастарға, болашақ ұстаздарға, оның ішінде қыз балаларға алдағы өмірлерінде маңызды болары сөзсіз.

Кездесу соңында колледж оқытушыларына «Өзін-өзі тану» бойынша оқу сабақтарын құру және құрылымдау бойынша құнды нұсқаулар берілді.

Омарова М.Т.,
«Өзін-өзі тану» пән оқытушысы


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст