Саналы ұрпақ- жарқын болашақ!

03.12.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес жас таланттар мен көшбасшыларды қолдау мақсатындағы «Ел үміті» атты жаңа бастамасы басталды.

«Ел үміті» бастамасының мақсаты – еліміздің дарынды балалары мен жастарын, соның ішінде шетелде тұратын жастарды іздеп-тауып, барынша қамтып, олардың ерекшелігін, дарынын, ғылыми және көшбасшылық әлеуетін ескере отырып, әр балаға өзін-өзі дамытуына тең мүмкіндік беру.

1-желтоқсан тұңғыш Президент күні қарсаныңда Петропавл қаласының «Оқушылар сарайында» облысымыздың дарынды жастарын мараппаттау рәсімі мен сауық кеші өтті.

Мағжан Жұмбаев атындағы жоғары колледж студенттеріде белсенділік танытты. Колледжіміздің дарынды, білгір, республикалық және облыстық сайыстарының жеңімпаздары ат салыса іс-шараға қатысты.

Дарынды жастар үшін осындай іс-шараны ұйымдастырған ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст